Өзіңе сен. Шыңды бағындыр
Көптеген жаңа тәжірибелерге, таңғажайып оқиғаларға, күтпеген және есте қаларлық таныстарға толы уақыт - бұл әрбір адам мүмкіндігінше жарқын және бай өткізуге міндетті бірегей студенттік өмір
ЖОО таңдау
Университетті таңдаудағы ең басты фактор – сіз таңдаған мамандықтың сол оқу орында болуы және ондағы білім берудің сапасы.
  • Оқығыңыз келетін факультет пен мамандықтың болуы. Оқуды аяқтаған соң қандай атақ беріледі.
  • Білім беру мекемесінің түрі және орналасуы, талапкерлерге талап қоя білуі.
  • ЖОО жатақханасында тұру мүмкіндігі, оқу құны, әскери кафедра болуы, қаржылай қолдау табу мүмкіндігі.

  • Технологиялық база, шетелдік студенттерге арналған халықаралық бөлімнің болуы.
Шетелдік жоғарғы оқу орындардың филиалдар тізімі
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындардың тізімі
Астана медицина университеті
Астана медицина университеті – еліміздегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан медициналық университеттердің бірі, жоғары медициналық білім беру саласында жоғары беделге, білім беру қызметтерін көрсетуде де, медицина ғылымы мен клиникалық қызметті дамытуда да өзіндік дәстүрлері бар.
Zhubanov University 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарихы Қазақ КСР ХКК-нің 1931 жылдың тамызындағы жалпыға бірдей 7 жылдық білім беруді енгізу туралы, Қазақ КСР-і халық ағарту комиссариатының №163, 1934 жылғы 13 желтоқсандағы Ақтөбе облыстық БКП(б) бюросының № 65 қаулысы негізінде жоғары білім беретін екі жылдық Ақтөбе мұғалімдер институты ретінде ашылуымен басталады.
Кері қайту
Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 1996 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысы негізінде Жезқазған тау-кен - технологиялық және педагогтік институттарын біріктіру жолымен құрылды.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті 

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Батыс Қазақстан облысындағы жоғары оқу орны әрі ірі ғылыми-оқу орталығы.

Кері қайту
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Республикамызда ғана емес, бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД елдері арасында тек аруларға арналған баламасыз бірден-бір жалғыз жоғары білім ордасы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің символы – тұмар.Қыздар институты құрылғаннан бастап 70 жыл ішінде оқу ордасын 60 мыңнан астам түлек бітірді.
Korkyt ata University
Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған. Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында мамандар даярланады.
Кері қайту
Baitursynov University
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Солтүстік Қазақстанның жетекші оқу орны, аймақтың ғылыми және мәдени орталығы. ҚМУ «Темпус», «ДААД» және т.б. көптеген халықаралық жобалар мен студенттік алмасу бағдарламаларының қатысушысы болып табылады.
Семей медицина университеті
1953 жылы негізі қаланған 65 жылдық тарихы бар Қазақстан Республикасының ең көне оқу орындарының бірі болып табылады. Университет өзінің клиникалық базасы (Университет ауруханасы) және Павлодар және Өскемен қалаларында филиалдары бар Қазақстандағы ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Auezov University
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті - Қазақстан Республикасының ірі көпсалалы университеті, өңірдің ғылыми-білім беру, зияткерлік, мәдени орталығы. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің барлық секторлары үшін мамандар даярланады.
Кері қайту

©abish_sisenov        87083804966
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website